Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1558261
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Ковид-19 шаралары аясында жабылған барлар мен мейрамханалардың қайтадан қашан ашылатыны белгісіз.

France 24: Францияда Ковид-19: Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран «вакцина егу акциясын қоғамға таратуға, жылдамдатуға және жеңілдетуге» дайын екендерін мәлімдеді.

Le Figaro: Канада премьер-министрі Джастин Трюдо коронавирусқа қарсы жүргізілген вакцина егу шараларының баяу жүруінен көңілі қалды.

Süddeutsche Zeitung: Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) маңыздылығы туралы ақпарат бөлісті. Ел қаңтар айының соңына дейін жабық болады.

Deutsche Welle: Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель бірлескен вакцина (Ковид-19) өндірісін талқылады.

Handelsblatt: Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Kovid-19 шектеулерінің ақпан айының ортасына дейін ұзартылғанын хабарлады.

Al-Quds Al-Arabi: Иран Израильдің өзіне қарсы кез-келген бастамасына тұрақты бір жауап қайтаратынын жариялады.

Al Jazeera: 41-ші Шығанақ елдері саммитінің жабылу декларациясы: Катармен дипломатиялық ынтымақтастыққа қайта оралу және жақсы көршілік ережелері құрметтеледі.

Al Jazeera: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Суданды террорға қолдау берген елдер тізімінен шығару туралы шешімге қол қойды.

El Mundo (Испания)Мамандар сұрайды: Еуроодақ Модерна вакцинасын қолдана бастаған жағдайда, Испанияда халықтың 70 пайызына вакцина егуге жеткілікті адам бар ма?

El Pais (Испания): Ұлыбританияда байқалған мутация екі аптадан бері Испанияда бар болып шықты. Вирусты жұқтырған адамдардың Ұлыбританиямен кез-келген байланысы жоқ.

El Nacional (Венесуэла): Лима тобы елдері Венесуэладағы оппозиция басшысы Хуан Гуаидо басшылығында құрылған делегаттық комиссияның заңды екендігін хабарлады.

TASS: АҚШ барлау қызметі үкіметке жасалған кибер шабуылды ресейлік хакерлер жасаған деген болжамды бағалап отыр.

RİA Novosti: Ресейдің шайбалы хоккей командасы Финляндия командасына есе жіберіп, 2021 жылғы шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады.

lenta.ru: Ресей Коммунисттік партиясы Мемлекеттік Думаға 3 миллион рубль несиеден бас тарту туралы ұсыныс жасады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мен Ресей мұнай өндіру көлемін ұлғайтатын болды.

Егемен Қазақстан газеті: ҚР Президенті кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты заңға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар