Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1538145
Әлем баспасөзіне шолу

 

Elayyam (Палестина): Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху оппозицияның сайлауға шақыруына қарсы шықты.

Elwatan (Кувейт): OPEC мұнайы азайып барады.  12-ші Министрлер жиналысы ертеңге кешіктірілді.

Almada (Ирак): Халықаралық коалиция: Террорлық ұйым ДЕАШ тонау және адам алып қашу операцияларын басқарып отыр.

Deutsche Welle: Түркия мен Ресей Таулы Қарабахта бітімнің орындалуын бақылау тақырыбында келісті.

ZDF: Триер қаласында 51 жасар көлік жүргізушінің көлігін жаяу жолаушылардың үстіне қасақана айдауы нәтижесінде бес адам қаза тапты.  Қаза тапқандардың бірі – 9 айлық нәресте.

Tagesschau.de: Германияда «SS қолбасшысы» деп те аталған, жаңа бір фашистік мемлекет құру үшін ұйымдасқан асыра оңшыл көзқарастағы бір топқа тыйым салынды.

El País (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрлігі отбасы мүшелерінен басқа адамдардың рождество мерекесінде бас қосуына кедергі болуы үшін шектеу шараларын дайындап жатыр.

El Mundo (Испания):Испания премьер-министрі Педро Санчез Еуропа фондынан 800 мың жұмыс табу уәдесінен бас тартты.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро халықты 6 желтоқсан күні болатын парламент сайлауына шақырды.

France 24: Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға байланысты көңілі құлазыған Израиль Қорғаныс министрі парламенттің таратылуын қолдайды.

Vedomosti газеті: Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко БҰҰ-нда "Sputnik-V" атты коронавирус вакцинасын таныстырады.

TASS ақпарат агенттігі: Ауғанстанның бас қаласы Кабулда Ресей өкілетті елшілігінің көлігі өтіп бара жатқанда жолға төселген мина жарылды.

İzvestiya газеті: "Sputnik-V" вакцинасымен танысу үшін Венгриядан бір топ маман Ресейге келді.

Егемен Қазақстан газеті: Жоғары білім беру саласында маңызды өзгерістер болып жатыр.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясына қатысады.


 

 



Ұқсас жаңалықтар