Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1440770
Әлем баспасөзіне шолу

Al Quds Al Arabi (Араб-ағылшын): Ливияның ішкі істер министрі Мысыр мемлекет басшысы Абдулфеттах эс-Сисиге: «Ливиялықтар Мысырдың қауіпсіздігіне зиян келтіретін шешімдер қабылдамайды» деп жауап қайтарды.

Al Raye Al Qatariyye (Катар): «KATAR - 2022 FIFA» Әлем кубогына қонақжайлық жасау үшін дайындықтардың 80%-ы аяқталды.

Al Jazeera (Катар ТВ): АҚШ Президенті мен бұрынғы кеңесшінің соғысы: АҚШ-тың бұрынғы Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон: «Президент Дональд Трамп жеке мүдделері үшін қозғалуда, президенттікке лайық емес».

ZDF.de: Пандемия кезеңінде алғаш рет сайлау митингі өткізген АҚШ президенті Трамп Германияны қорғаныс шығындарының жеткіліксіздігі үшін сынға алды.

Deutsche Welle: Түркия Ливияда теңгерімді өзгертіп, көтерісшіл Халифа Хафтердің ең маңызды қолдаушыларының бірі Францияның стратегиялық жоспарын бұзды.

Tagesschau.de: Германияның Штутгард қала көшелерінде қақтығыс: 19 полиция жарақат алды, 24 адам тергеуге алынды.

Le Figaro (Франция): Бүгін Францияда барлық балалардың мектептер мен колледждерге оралуы күтіледі. Франция үкіметі мәлімдемешісі Сибет Ндиайе ата-аналарды Ұлттық білім беру мекемесіне сенуге шақырды.

France 24 (Франция): Тунис: Татавин қаласында үкіметтен жұмыс сұраған шерушілер мен полиция арасында у-шу шықты.

France 24 (Франция): Коронавирус шараларын жеңілдеткен Испания, Франциямен шекараларын қайтадан ашады. Испания премьер-министрі Педро Санчез азаматтарды абай болуға шақырды.

El Pais: (Испания): Испанияда үкімет әрі серіктесі, әрі оппозициямен пандемияға байланысты бірқатар шараларды талқылауға дайындалуда.

El Mundo: (Испания) Испанияда жүргізілген бір сауалнама елде бүгін сайлау өткен жайдайда премьер-министр Педро Санчездің партиясының 28,7% дауыс жинап, қайтадан билікке келетінін ортаға қойды.

TeleSur: Боливияның уақытша президенті Жанин Аньес Чавес жаңа мемлекет басшысын анықтайтын жалпы халықтық сайлаудың 6 қыркүйек күні жүзеге асуын қамтамасыз ететін жобаны бекіткенін білдірді.

TASS (Ресей): Украина қаңтар айында Иран құлатқан жолаушы ұшағы тақырыбында халықаралық соттарға шағымдана алады.

RИА Новости: АҚШ-тың бұрынғы Ақ Үй Қауіпсіздік қеңесшісі Джон Болтон Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздерге АҚШ президенті Дональд Трампқа қарағанда одан жақсы дайындалғанын білдірді.

Lenta.ru: Путин 2024 жылы президенттік сайлауда үміткерлік ықтималын бағалап жатқанын, қазірше шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

ҚазИнформ агенттігі: Руслан Әбдіқалықов Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Егемен Қазақстан газеті: Түркістан қаласының әкімі коронавирус жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар