Әлем баспасөзіне шолу

Түркия жөніндегі хабарларға орын берілген.

634969
Әлем баспасөзіне шолу

Францияда жарияланатын AFP агенттігі өлтірілген елші жөніндегі хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы орыс елшісі қастандыққа құрбан кеткеніне қарамастан, Сирия тақырыбын да қосқанда Ресей президенті Владимир Путинмен ынтымақтастықты жалғастыруға табанды екендерін айтты. Сейсенбі күні Стамбулда Босфор бұғазының астынан өтетін тұңғыш автожол туннелінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ердоған: «Президент Путинмен әсіресе Сирия жөнінде бірдей көзқарастамыз. Бұл қастандық ынтымақтастыққа теріс әсер етпейді.  Ресеймен қарым-қатынасымыздың бұзылуына рұқсат бермейміз» деді.

Ресейден Тасс агенттігі «Ортақ комиссия орыс елшінің өлтірілуі оқиғасын тексере бастады» деген хабар жариялаған.  Стамбулда Еуразия туннелінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркия президенті Ердоған Түрік-орыс ортақ комиссиясының Анкарада орыс елші Андрей Карловтың өлтірілуіне байланысты жұмыстардың басталғанын білдірді.  Ердоған: «Түркия және Ресей ортақ комиссиясы қалыптастырылды.  Орыс өкілдер Анкараға келді.  Ешкімнің Түркия және Ресей қарым-қатынасын бұзуға рұқсат бермейміз» деді.

Германиядағы DPA агенттігі «Ресей, Түркия және Иран Сирияда ынтымақтастықты кеңейтеді» деген хабар жариялаған.  Ресей өкілетті елшісіне жасалған қастандықтан кейін Ресей, Түркия және Иран Сирия дағдарысында жақын ынтымақтастықта болуға келісті.  Мәскеуде әріптестерімен кездескеннен кейін РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров үш елдің Сирия әкімшілігі және оппозиция арасында келісімге келу тақырыбында ара ағайындыққа дайын екендерін мәлімдеді.  Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да сейсенбі күні Түркия және Иран Қорғаныс министрлерімен бас қосты.  Шойгу өкілетті елші Андрей Карлов қастандығына байланысты «Осындай лаңкестіктер халықаралық салада терроризммен күресімізге байланысты екенін білеміз.  Бірақ біз күресті баяулатпаймыз» деді.

AP агенттігі Түркияда ашылған жаңа автожолға байланысты хабарға орын берген.  Агенттік хабарына қарағанда түрік лауазым иелері Стамбулдың Еуропа мен Азия жағалауын бір бірімен байланыстыратын теңіздің астынан автожол туннелін ашты.  Босфор бұғазынан өтетін Еуразия туннелді Түркиядағы орыс елшісінің қастандық оқиғасына қарамастан қызметке берілді.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ашылу салтанатын өткізуінің «терроризмге бір жауап» екенін айтты.

5,4 километрлік екі қабатты туннель қаланың жол қатынасын жеңілдетеді.  Осы туннельден күніне 120 мың көлік өтеді деп жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар