Еуропа Орталық банкі өсімді өсірді

Еуропа Орталық банкінің ​​​​​​​төрайымы Кристин Лагард осының алдында өсімнің артатынына меңзеген болатын.

1857903
Еуропа Орталық банкі өсімді өсірді

Еуропа Орталық банкі соңғы 11 жылда алғаш рет үш негізгі саясат өсімін көтерді.

Еуропа Орталық банкі жасаған мәлімдемесінде банктің үш негізгі саясат өсімін 50 базистік ұпайға көтергені білдірілді.

Мәлімдемеде банктің қайта қаржыландыру өсімінің 0,00 пайыздан 0,50 пайызға дейін көтерілгені, банктердің орталық банктегі депозиттері бойынша төленетін сыйақы өсімін -0,50 пайыздан 0,00 пайызға дейін, шекті пайыздық өсімдерді 0,25 пайыздан0,75 пайызға дейін көтерілгені хабарланды.

Еуропа Орталық банкі  өсімдерді күтілгеннен жоғары көтеру шешімімен теріс пайыздық кезеңді аяқтады.

Бұл қадаммен банк 2011 жылдың шілдесінен бері алғаш рет пайыздық өсімдерді арттырды.

Еуропа Орталық банкінің төрайымы Кристин Лагард «Егер біз инфляцияның жоғарылауы күтуге қауіп төндіретінін көрсек, ынталандыруды тезірек алып тастаймыз» деу арқылы өсімдерді 25 базистік ұпайдан жоғары көтеру мүмкіндігіне меңзеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар