Түрік шайының 4 айлық экспорт табысы 10,4 миллион доллардан асты
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.
2138882
Түркияның 2024 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде шай экспортынан түскен табысы 10 миллион 461 мың 225 долларға жетті.
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасы орынбасары және шай саласы бойынша комитет төрағасы Шабан Тургут жылдың алғашқы 4 айында Түркиядан 102 елге, автономды және еркін аймақтарға шай экспортталғанын атап көрсетті.
Аталмыш кезеңде 2 мың 219 тонна шай экспортталғанын және 10 миллион 461 мың 225 доллар кіріс түскенін атап көрсеткен Тургут ең көп шай экспортталған 3 елдің Бельгия, Ұлыбритания және АҚШ екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде тіркелді
Cтамбул әуежайы 1434 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде анықталды.