Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"

Сауда министрі Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.

2139471
Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"

Сауда министрі Өмер Болат Түркия мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы сауда көлемінің дамып келе жатқанын білдірді.

Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.

Түркия мен АҚШ арасындағы сауда көлемінің 16 миллиард долларға жеткенін білдірген Болат бүгінгі күні АҚШ-тың Түркияның екінші ең үлкен экспорт нарығына айналғанын атап өтті.

Екі ел арасындағы сауда көлемінің мақсатының 100 миллиард доллар екенін мәлімдеген министр Болат мұның оңай жүзеге асатын мақсат екенін мәлімдеді.

Түрік компанияларының АҚШ-қа қызығушылығының артқанын білдірген Сауда министрі «Компанияларымыздың АҚШ-тағы инвестициясы 2023 жылдың соңына қарай 11 миллиард долларға, ал АҚШ-тың шетелдік инвестицияларымыз арасындағы үлесі 16 пайызға жетті» деді.

3 күнге созылатын шараға 120-дан астам АҚШ компаниялары қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар