Мьянма басшысы бірінші рет Араканда

Мьянма басшысы Аун Сан Су Чжи бірінші рет солтүстік Аракандағы қақтығыс аймағына барды. Үкімет қақтығыстан қашқан жүз мыңдаған Рохинджа мұсылманының қайта оралуы үшін жоспар жасап жатқанын айтты. Аун Сан қақтығысты тоқтату және жауаптыларды жазаландыру тақырыптарында халықаралық қоғамнан көп сын алған болатын.