Ауғанстанда су тасқынынан 400 адам қаза тапты

Ауғанстанда соңғы апталарда жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті.

2141445
Ауғанстанда су тасқынынан 400 адам қаза тапты

Ауғанстанның Түрікменстанмен шекарасындағы Фарьяб уәлаятында су тасқыны салдарынан тағы 18 адам қаза болса, елдің солтүстік уәлаяттарында соңғы апталарда жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті.

Бұл туралы Фарьяб губернаторлығының баспасөз хатшысы Исметулла Муради «TOLO News» арнасына сұхбат берді. Муради сұхбатында су тасқынынан кемінде 18 адамның қаза тапқанын айтты.

Муради сондай-ақ екі мың гектардан астам ауылшаруашылық жерінің жарамсыз қалғанын, 1000-нан астам үйдің зақымданғанын және 300-ден астам малдың қырылғанын мәлімдеді.

Енді бір жағынан Басқа жақтан кеше Гор уәлаятында су тасқыны салдарынан бір адамның қаза тауып, ондаған адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.

Ауғанстанда ауа райының жылынуымен қардың еруі, толассыз жауған жаңбыр және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі салдарынан болған су тасқыны адам мен малдың шығынына себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар