Түркия мен Мысыр екі ел арасындағы қарым-қатынас өте маңызды

Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шүкри 3-ші Анталия дипломатиялық форумында Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

2109902
Түркия мен Мысыр екі ел арасындағы қарым-қатынас өте маңызды

Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шүкри Түркия мен Мысыр халқының арасындағы тарихи байланыстың саяси, экономикалық және мәдени салаларда жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Шүкри 3-ші Анталия дипломатиялық форумында Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Министр Шукри соңғы кезеңде Мысыр пен Түркия арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, президент Режеп Тайып Ердоғанның Мысырға сапары және Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен  кездесуінің екі ел үшін де жаңа дәуірдің басы болғанын айтты.

Шүкри жақында екі елдің өз халқының игілігі үшін өнімді екіжақты қарым-қатынасқа түсу ерік-жігерін көрсетудің Мысыр мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан жаңа дәуірдің басы екенін баса айтты.

Шүкри «Екі халық арасындағы ұзақ тарихи байланыс саяси, экономикалық және мәдени салалардағы үйлестіру мен ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтерудің маңыздығын көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар