Грекия премьер-министрі Анкараға келеді

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис ресми сапармен ел астанасы Анкараға келеді.

2138610
Грекия премьер-министрі Анкараға келеді

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис ресми сапармен ел астанасы Анкараға келеді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен ұйымдастырылған сапарда экономика, көлік, ғылым, технология, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау және екіжақты қарым-қатынастар сияқты салаларда ынтымақтастықтың жалғасуы күн тәртібінде болады.

Батыс Фракиядағы түрік азсандысы мен Родос, Кос және Салоникидегі түрік қандастарға қатысты мәселелер қолға алынатын кездесулерде терроризммен және заңсыз миграциямен бірлесіп күресу және осы саладағы ынтымақтастық талқыланады.

Сондай-ақ сапар аясында Түркияның аймақтық және халықаралық оқиғаларға, әсіресе Израиль-Палестина мәселесіне қатысты көзқарастарының грек тарапына жеткізілуі күтілуде.

Грекия премьер-министрі сапары алдында «Eleftheros Tipos» газетіне жасаған мәлімдемесінде президент Ердоғанмен кездесуінің мақсатының екі ел арасындағы өзара тиімді жақындасу үдерісінің жалғасуын қамтамасыз ету екенін білдірген.



Ұқсас жаңалықтар