Президент Ердоған Күтахияда халыққа үн қатты

Президент «Түркия ғасыры» көзқарасы төңірегінде бірігіп, жоспарларын жалғастыратындарын атап көрсетті.

2108744
Президент Ердоған Күтахияда халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия ғасыры» көзқарасы төңірегінде бірігіп, жоспарларын жалғастыратындарын атап көрсетті.

Президент және Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған жергілікті сайлау науқаны аясында Күтахияда халыққа үн қатты.

Ердоған Түркияның қандай қиыншылықтарға тап болса да, демократия және даму жолынан тайынбай, елді алға қойған мақсаттарына жеткізе алғандарын түсіндірді.

Ұлттық бірлікке жасалған шабуылдарды жойғандарын атап көрсеткен Ердоған мұны терроризммен күрес саласында да дәлелдегендерін білдірді.

6 ақпан күнгі жер сілкінісінің экономикаға 104 миллиард доллар шығын әкелгенін және экономикалық теңгерімді қалпына келтіру үшін күшті бағдарламаны жүзеге асырғандарын айтқан Ердоған бағдарламаның оң нәтижесін осы жылдың соңынан бастап көре бастайтындарын білдірді.

Ердоған мақсат еткен деңгейге жету үшін мемлекет және ұлт ретінде бұдан да көп жұмыс істейтіндерін айтты.

Түркияның соңғы 21 жылының алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы өткенін айтқан Президент ертеңгі күннің бүгіннен де жақсы өтетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар