Ердоған Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидземен кездесті

Президент Ердоған Баку-Тбилиси-Карс темір жолын толық қуатпен іске қосу үшін жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты.

2140661
Ердоған Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидземен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен бас қала Анкараға келген Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидземен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Cөзін «Мен 10 күннен кейін достас грузин халқының тәуелсіздік күнімен құттықтаймын» деп бастаған Ердоған қонақ премьер-министрмен «екі дос көрші және стратегиялық серіктес ретінде маңызды кездесулер өткіздік» деді.

Ердоған өткен жылы 3 миллиард долларға жеткен екіжақты сауда көлемін жаңа кезеңде 5 миллиард долларға жеткізуді мақсат еткендерін білдірді.

Президент Ердоған «Тарихи Жібек жолын рельстерде өмірге әкелген Баку-Тбилиси-Карс темір жолының қайтадан толық іске қосылуын қамтамасыз ету үшін жұмысымызды жалғастырамыз» деді.

Ердоған Грузия премьер-министрімен бірге террор ұйымдары мен ұйымдасқан қылмыс желілерімен, әсіресе ФЕТО (Фетуллахшы террор ұйымы) және PKK-мен күресті тиімді ететін қадамдарға тоқталғанын білдірді.

Ердоған «Біздің мемлекет террористік және қылмыстық желілермен күресуді жалғастыра береді» деді.

Президент Түркия Ұлттық құрамасының Еуропа футбол чемпионатында Грузия құрамасымен бір топта болғанын еске салды.

Президент Ердоған «Алдын ала командаларымызға сәттілік тілеймін» деді.

Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидзе болса, Ердоғанмен кездескеніне  өте қуанышты екенін білдірді.

Иракли Кобахидзе  «Ердоған түрік халқының мүддесін қорғайтын нағыз көшбасшы. Біз Президент мырзаның Грузияның ұлттық мүдделеріне көрсеткен қолдауына өте қуаныштымыз, сізге алғыс айтамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар