Фахреттин Алтун жалған ақпарат жайлы мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун «Грек баспасөзіндегі жалған ақпаратқа» байланысты жазбаша  мәлімдеме жасады.

2087760
Фахреттин Алтун жалған ақпарат жайлы мәлімдеме жасады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Грекия баспасөзіндегі жалған ақпаратқа» байланысты жазбаша  мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында «Жалған ақпарат жаман» деген Фахреттин Алтун Түркия мен көршілес Грекия арасындағы жақындасу үдерісіне нұқсан келтіретін манипуляциялық хабарды қалай жойғанына маңызды мысал келтіргісі келетінін айтты.

Алтун былай деді: «Грекияның "ANT1" телеарнасы негізгі хабар бюллетенінде кейбір суреттерге сілтеме жасай отырып, "Түркия Кардактағы грек балықшыларын қудалады" деген хабар жариялады. Грекия жұртшылығын манипуляциялауды мақсат еткен бұл хабар әлеуметтік медиада тез тарала бастады. Процесті қадағалаған және  зерттеу жасаған  біздің Коммуникация басқармасының  жалған ақпаратпен күрес орталығы суреттердің 3 жыл бұрын болғанын анықтады. Біз тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат және ақиқат үшін күресті табанды түрде жалғастырамыз».



Ұқсас жаңалықтар