Сомали Түркияның қолдауына риза

Өнжу Кечели Түркияның Сомалидің бірлігі, егемендігі және аумақтық тұтастығына деген қолдауын қайталады.

2084666
Сомали Түркияның қолдауына риза

Сомали жоғары лауазым иелері Түркияның Эфиопия-Сомалиленд келісімінен кейін Сомалидің аумақтық тұтастығына баса назар аударған мәлімдемесіне риза болды.  

Сомали үкіметінің баспасөз хатшысы Фархан Джимале Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжү Кечелидің мәлімдемесінен кейін Түркияға Сомали үкіметіне мызғымас қолдауы үшін алғыс айтқандарын білдірді.

Сомали Ішкі істер министрі Ахмед Моалим Фиқи елдерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығы Эфиопия тарапынан бұзылған кезде Түркияның бауырлас қолдауын қуана қабылдағандарын айтты.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжу Кечели Түркияның Сомалидің бірлігі, егемендігі және аумақтық тұтастығына деген қолдауын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар