Куртулмуш Палестинадағы адамдық трагедияға тоқталды

Нуман Куртулмуш «Адам құқықтарының бұзылуын тоқтату үшін жаңа жүйе қажет. Түркияның кепілгер болуымен жаңа бір әлем құрылуына үміттімін» деді.

2075133
Куртулмуш Палестинадағы адамдық трагедияға тоқталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Палестинадағы адамдық трагедияға назар аударып, Түркияның кепілдігімен жаңа дәуірдің басталуы керектігін айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде 2024 жылдың бюджеті келіссөздері басталды.

Ашылу сөзінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуш Палестинадағы адамдық трагедияға назар аударды.

Израильдің Палестина жерінде адамзатқа қарсы ауыр қылмыстар жасағанын түсіндірген  Куртулмуш  «Біз Газа көшелерін жер бетінен өшіру ниетімен адамзатқа қарсы ауыр қылмысты бастан кешудеміз. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының нақты ережелеріне қарамастан, адамзат 67 күнге созылған бұл адами қасіреттің алдын ала алмауда» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының тек ауыз жүзінде ғана бар ұйымға айналғанын атап көрсеткен Куртулмуш: «Адам құқықтарының бұзылуын тоқтату үшін жаңа жүйе қажет. Түркияның кепілгер болуымен жаңа бір әлем құрылуына үміттімін» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар