Екінші кеме Мысырдың Эль-Ариш портына жол тартты

Екінші кеме Мерсин портынан Мысырдың Эль-Ариш портына жол тартты.

2070551
Екінші кеме Мысырдың Эль-Ариш портына жол тартты

Түркиядан Газаға шамамен 1500 тонна гуманитарлық көмек тасымалдаған екінші кеме Мерсин портынан Мысырдың Эль-Ариш портына жол тартты.

Осы тұрғыда Апаттар және төтенше жағдайларды басқару президенттігі (AFAD) координациясымен және азаматтық ұйымдардың қатысуымен шамамен 1500 тонна гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдайтын екінші кеме Мерсин портынан бүгін жолға шықты.

Көмек кемесі ертең Түркия уақытымен сағат 15:00-де Мысырдың Эль-Ариш портына жетеді деп күтілуде.

Кеме арқылы Газаға консервілер, азық-түлік және гигиеналық материалдар, жиналмалы контейнерлерден, шатырлардан, ұйықтайтын қаптардан, көрпелерден, киім-кешектерден тұратын тұрмыстық материалдар, 6 жедел жәрдем көлігі, жүк көтергіштер және әртүрлі генераторлар жіберіледі.


Этикеттер: #Газа , #Мерсин , #кеме , #Мысыр

Ұқсас жаңалықтар