Газадағы эвакуация жұмыстары жүргізілуде

Фахреттин Кожа Израиль, Мысыр және Түркиядан құралған үйлестіру тобының үшінші эвакуация жайлы қатты жұмыс істегенін білдірді.

2067248
Газадағы эвакуация жұмыстары жүргізілуде

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газадан 3-ші мәрте эвакуациясына қатысты «Бұл алдағы күндері болуы мүмкін, осы аптада болады деп ойлаймын. 50 адамның тізімі шықты» деді.

Кожа Мәжілісте  күн тәртіпке қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Газадан 88 науқас пен 62 серігі бар 150 адамның әкелінгенін еске салған Кожа Израиль, Мысыр және Түркиядан құралған үйлестіру тобының үшінші эвакуация жайлы қатты жұмыс істегенін білдірді.

Кожа «Үшінші эвакуация алдағы күндері болуы мүмкін. Мен Израиль және Мысыр денсаулық сақтау министрлерімен кездесуімде де біз әсіресе сәбилерге, балалар мен жарақат алғандарға көңіл бөлінетінін қалайтынымызды айттық. Біз бұл мәселе бойынша келістік. Қазіргі уақытта 50 адам, негізінен балалар тізімі дайындалды .Менің ойымша, бұл алдағы күндері белгілі болады» деді.

Кожа шала туылған нәрестелер бойынша да зерттеулер жүргізілгенін, кейбір сәбилердің Мысырға жеткізілгенін және оларды Түркияға әкелу жөнінде нақты жұмыс жасалмағанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар