Түркия-Грекия Әскери сенім шаралары кездесуі Грекияда өтеді

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Түркия-Грекия Әскери сенім шаралары кездесуінің Грекияда  өтетінін хабарлады.

2064767
Түркия-Грекия Әскери сенім шаралары кездесуі Грекияда өтеді

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарынан кейін келесі Түркия-Грекия Әскери сенім шаралары кездесуінің Грекияда  өтетінін хабарлады.

Министр Гүлер парламенттегі мәлімдемесінде Грекиямен келіссөздердің өте сәтті өткенін түсіндіріп, былай деді: «Алла бұйырса кездесулерді осылай жалғастырамыз. Осыған орай біз кейінрек Грекияға барамыз. Президентіміздің сапарынан кейін екінші сенім шаралары кеңесі сонда өтеді. Олармен ақылдаса отырып, келісімге келеміз».

Министр Гүлер нақтылы уақыттың Грекия тарапының  белгілейтінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар