Хакан Фидан Мысыр Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Хакан Фидан Қытай Халық Республикасының Таяу Шығыс мәселесі бойынша арнайы өкілі Жай Цзюньді қабылдады.

2064031
Хакан Фидан Мысыр Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукримен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен алынған ақпаратқа қарағанда әңгімеде сенбі күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы-Араб Лигасы саммитінде қабылданған шешімдерді жалғастыру үшін қандай қадамдар жасауға болатыны жөнінде пікір алмасылды.

Әңгіме барасында екі министрдің Газаға гуманитарлық көмек жеткізілуін де талқылағаны белгілі болды.

Хакан Фидан Қытай Халық Республикасының Таяу Шығыс мәселесі бойынша арнайы өкілі Жай Цзюньді қабылдады.

Министрліктен алынған ақпаратқа сәйкес  министр Фидан мен Қытай Халық Республикасының арнайы өкілі Жай Цзюнь арасындағы кездесуде Газадағы соңғы оқиғалар аясында Палестина мәселесі талқыланды. Сонымен қатар аймақтық мәселелер жөнінде де пікір алмасылды.



Ұқсас жаңалықтар