Ататүріктің үйінде Республиканың 100 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Түркияның Салоникидегі Бас консулы Серкан Гедик салтанатты жиынға қатысты.

2057378
Ататүріктің үйінде Республиканың 100 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Грекияның Салоники қаласындағы Ататүріктің үйінде Түркия Республикасының 100 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Түркияның Салоники Бас консулдығы ұйымдастырған рәсімде Республиканың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған барлық шейіттер мен ардагерлер үшін бір минуттық үнсіздік жарияланып, Мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Түркияның Салоникидегі Бас консулы Серкан Гедик салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде «Осы ерекше күнді Республиканың негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеге келген үйіндегі рухани атмосферада қарсы алудың абыройы мен бақытын сезінудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар