Түркиядан Иордания мен Газа секторына медициналық көмек

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеме жасады.

2053561
Түркиядан Иордания мен Газа секторына медициналық көмек

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газаға медициналық көмекті жоспарлау және үйлестіру үшін Иорданиямен жұмысты бастауға шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Кожа әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Газадағы ауруханаға жасалған шабуылдарға байланысты халықаралық әріптестерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын және осы тұрғыда Иордания Хашими Корольдігінің Денсаулық сақтау министрі Фирас Ибрахим әл-Хаваримен де кеңескенін атап көрсетті.

Әңгіме барысында екі елдің ынтымақтастығын жоспарлау және үйлестіру үшін кездесулерді бастау туралы шешім қабылданғанын тілге тиек еткен Кожа әріптесі әл-Хавариге басқа елдердің денсаулық сақтау министрлері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары деңгейлі лауазымдыларымен талқыланған мәселелер туралы ақпарат бөліскенін мәлімдеді.

Түркия ретінде палестиналық бауырларға көмектесу үшін үйлестіре жұмыс істеуді ұсынғандарын атап көрсеткен Кожа осы аяда жылжымалы дала ауруханасын құру, қажет жағдайда жетілген анализ бен ауқымды емдеу шаралары үшін жаралыларды Түркияға әуеден тасымалдау, денсаулық сақтау қызметкері жолдау, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, тақырыптарында қолдауға дайын екендерін иорданиялық лауазымдыларға жеткізгенін білдірді.

Кожа Әл-Хаваридің Түркияға ынтымақтастық ұсынысы мен көзқарасы үшін алғыс айтқанын тілге тиек етті.

Кожа хабарламасында «Газада 4 аурухана жұмыс істемейді. 14 сауықтыру орталығы электр қуатының үзілуіне және отынның таусылуына байланысты қызмет көрсете алмай отыр. Медициналық қолдау мен дәрі-дәрмек көмекке тосқауыл қойылды. Тура 13 күннен бері адамгершілік пен мейірімділікке тосқауыл қойылған. Біз бұл кедергімен күресеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар