PKK/YPG-лік 18 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы күштері тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2050916
PKK/YPG-лік 18 террорист залалсыздандырылды

Террормен күрес аясында жүргізілген операцияларда барлығы PKK/YPG-лік 18 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 10 террорист залалсыздандырылды.

Түрік Қарулы күштері лаңкестердің қудалауы мен шабуыл әрекетіне қарсы шабуылдарын жалғастыруда.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» мен «Зәйтүн бұтағы» аймақтарында PKK/YPG-лік 10 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Министрлік Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциясы аймағында да анықталған PKK-лық 6 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Террорист қай жерде болса, сол жерді нысанаға аламыз» деген ұранмен террористердің ұяларын жоюды жалғастырамыз» делінді.

Қауіпсіздік көздері Мардин қаласында да PKK-лық 2 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде жандармерия жасақтарының Нусайбинде жүргізген операция барысында террористтерді анықтағанын және шыққан қақтығыста PKK-лық 2 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар