Хакан Фидан Әзербайжанға барды

Министр Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Министрлер кеңесінің 27-ші отырысына қатысады.

2048791
Хакан Фидан Әзербайжанға барды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Шушада өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Министрлер кеңесінің 27-ші отырысына қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барды.

Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Кездесуде 2023 жылы ЭЫҰ аясындағы ынтымақтастық шеңберінде атқарылған жұмыстар мен оның нәтижелері қолға алынып, ЭЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады. Түркия құрылуына өзі мұрындық болған ЭЫҰ-ның дос және бауырлас елдерімен бірге ЭЫҰ аймағының бейбітшілігін, тұрақтылығын және гүлденуін арттыру үшін ынтымақтастық күш-жігеріне үлес қосуды жалғастырады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар