Ереванға ескерту

«Армян халқының тыныштығы үшін көршілерімен ынтымақтасуы керек» деді ол.

2043026
Ереванға ескерту

Президент Ердоған Әзербайжанның Қарабахтағы антитеррорлық операциясынан кейін Ереван билігіне ескерту жасады.

Президент Арменияның сырттан және диаспорадан келген арандатушылықтарға мойынсұнбауы керектігін айтты.  «Армян халқының тыныштығы үшін көршілерімен ынтымақтасуы керек» деді ол.

Түркияның саясатының бүкіл әлемде бейбітшілікті мақсат еткенін атап көрсеткен президент «Кім қандай ойын құрса да, біз тәңірдің айтқанына бағынатын бір ұлт ретінде осы ойындарды бұзу арқылы жолымызды жалғастырамыз. Орта және ұзын мерзімде әрқашан Түркия жеңеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар