Президент Ердоған БҰҰ мінберінен үн қатты

Түркия президенті әлемнің ең маңызды мәселелеріне тоқталды.

2039555
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен үн қатты

Прездент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің енді әлем қауіпсіздігінің кепілі болудан қалып,  бес елдің саяси стратегиясының қақтығыс алаңына айналғанын айтты.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде 78-ші Бас Ассамблеясында үн қатты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұйымдардың бүгінгі әлемге сәйкес келмейтіні» туралы сөздеріне Түркияның да қосылатынын білдірген Ердоған «Қауіпсіздік кеңесі енді әлемнің кепілі болудан қалып, бес елдің саяси стратегияларының қақтығыс алаңына айналды» деді.

БҰҰ-ның басшылығында әлемнің қауіпсіздігін, тыныштығын қамдауға міндетті мекемелерді жылдам қайта құру керектігін атап көрсеткен Ердоған «Географиясымен және демографиясымен әлемдегі барлық нәсіл халықтарға, наным мен мәдиеттерге өкілдік жасайтын жаһандық басқару құрылымын қалыптастыруымын керек» деді.

Ол 2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына да тоқталды. Түркияның Украинаның тәуелсіздігі мен территория тұтастығы негізінде дипломатия және диалогпен аяқталуына бағытталған ынтасын жалғастыратынын атап көрсетті.

Президент Сирияның территория тұтастығы мен саяси бірлігіне ең үлкен қауіптің елде есебі бар күштердің террор ұйымдарына қолдау беруі екенін ашып айтты. «Сирия және Ирак секілді Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Сахельде өз мүддесі үшін ДАИШ және сол секілді ұйымдарды қолданған екіжүзділерден шаршадық» деді ол.

Президент Түркияның Еуропа Одағына мүшелігі туралы «Еуропалық Одақтан күтетініміз – елімізге деген жауапкершіліктерін жылдам орындауы.  Түркияға деген екіұдай ұстанымдарын тоқтатуы» деді.

Әзербайжан-Армения қарым-қатынасына да тоқталған президент Ердоған екі ел арасындағы келіссөз процесі басталғаннан бері қолдау бергендерін,  алайда Арменияның осы тарихи мүмкіндікті қолдана алмағанын айтты. «Енді Қарабахтың Әзербайжан жері екенін барша қабылдайды.  Бұдан басқа мәртебе сұрау қабылданбайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар