Хакан Фидан Нью-Йорк қаласында бірқатар кездесу өткізді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Нью-Йорк қаласында Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті.

2038906
Хакан Фидан Нью-Йорк қаласында бірқатар кездесу өткізді
fidan martin.jpg

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас Ассамблеясы үшін Нью-Йоркте болған Хакан Фидан бірқатар кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті.

Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жиналысы аясында Бербокпен Түркеви ғимаратында кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің «X» әлеуметтік медиа платформасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кездесуде Түркия мен Еуроодақ арасындағы Кеден одағының жаңартылуы және түрік азаматтары үшін визаны жеңілдету үдерісі, Түркияның Еуропалық Одаққа мүшелік процесі, Кипр мәселесіндегі соңғы өзгерістер, Қаратеңіз астық бастамасы және Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі және климаттың өзгеруі талқыланды.

Фидан Нью-Йоркте Ирландия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және Қорғаныс министрі Мишеал Мартинмен де кездесті.



Ұқсас жаңалықтар