Хакан Фидан ресми сапармен Иракқа барады

Сыртқы істер министрлігі сапардың 22-24 тамыз күндері аралығында жүзеге асатынын мәлімдеді.

2027717
Хакан Фидан ресми сапармен Иракқа барады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иракқа ресми сапармен барады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министр Фиданның 22-24 тамыз күндері аралығында Иракқа ресми сапар жасайтыны айтылды.

Хакан Фидан Ирак сапары барысында Бағдат пен Эрбиль қалаларында жоғары деңгейде кездесулер өткізеді.

Сапар барысында Иракпен әр салада ынтымақтастықты жақсарту мүмкіндіктері талқыланады.

Сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы көзқарас алмасылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар