Министр Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі АҚШ-тық және украин әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті.

2020738
Министр Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-тық және украиналық әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігінен алынған мәліметке қарағанда Хакан Фидан алдымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен әңгімелесті.

Блинкеннің сұранысымен жүзеге асқан әңгіме барысында Оңтүстік Кавказдағы оқиғалар мен осы тұрғыда Әзербайжан-Армения қарым-қатынастарының қалыпқа келу үдерісі, Қаратеңіз астық бастамасының жандануы, Қаратеңіздің қауіпсіздігі және НАТО-ның кеңеюі талқыланды.

Сыртқы істер министрі Фидан Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Қаратеңіз астық бастамасының қайтадан іске қосылуы үшін басылатын қадамдар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар