Зеленский Украинаға жасаған қолдауы үшін Түркияға алғыс айтты

Зеленский Түркияға Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне мызғымас қолдауы үшін алғысын білдірді.

2008653
Зеленский Украинаға жасаған қолдауы үшін Түркияға алғыс айтты

Украина Президенті Владимир Зеленский Түркияға Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне мызғымас қолдауы үшін алғысын білдірді.

Президент Ердоғанның шақыруымен кеше Стамбулға келген Зеленский жеке кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Зеленский Президент Ердоғанды ​​мамырда қайта сайлануымен құттықтап, «Мен еліміз бен халықтарымыз үшін тыныштықты қалайтындарға алғыс айту үшін келдім» деді.

Зеленский Ресей аннексиялаған Қырымдағы жағдайды да талқылағандарын айтып «Қаратеңіз астық бастамасына және Украинаның астық бастамасына қолдау көрсеткеніңіз үшін ризамын» деді.

Украинаның бейбітшілік жоспарына Түркияның қолдауы үшін де риза болғандарын және осы бейбітшілік жоспарын жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатқандарын түсіндірген Зеленский «Түркия осы бейбітшілік жоспары аясында көшбасшылық позицияны алуға дайын» деп көрсетті.

Владимир Зеленский Президент Ердоғанға украиналық тұтқындарды босатуға көмектескені үшін алғыс айтты.

Зеленский Литваның астанасы Вильнюсте өтетін НАТО саммитін де талқылағандарын айтып, Ердоғанның Украинаның НАТО мүшелігіне лайық екенін айтқанына риза болғанын баяндады.  



Ұқсас жаңалықтар