Ердоған Рюттемен сөйлесті

Президент Ердоған Түркия-Нидерланды достық келісімінің 100 жылдығының келер жылы тойланатынын еске салды.

2007648
Ердоған  Рюттемен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Ердоған Түркия-Нидерланды достық келісімінің 100 жылдығының келер жылы тойланатынын еске салды.

Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі де талқыланған әңгіме барысында президент Ердоған Швецияның лаңкестікпен күрес заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы дұрыс бағытта қадамдар жасағанын, бірақ бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG жақтастарының терроризмді мадақтайтын шерулерін еркін ұйымдастыруының жалғасып жатқанын айтты.

Нидерланды премьер-министрі Рюттеге Швецияда мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранға жасалған шабуылдарды ой еркіндігімен ақтауға болмайтынын айтқан президент Ердоған жасалғанның анық сөз қылмысы екенін білдірді.

Кездесуде басшылар 11-12 шілде күндері Литваның астанасы Вильнюс қаласында өтетін НАТО саммитінің ең маңызды күн тәртібінің бірі Ресей-Украина соғысы болатыны жөнінде де келісті.



Ұқсас жаңалықтар