ТРТ тілшісі генерал Патрик Райдерден ауыр сұрақ сұрады

АҚШ Қорғаныс министрлігі БҰҰ-ның бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның балаларды алып қашып жатқаны туралы ескертуін елемеді.

2005206
ТРТ тілшісі генерал Патрик Райдерден ауыр сұрақ сұрады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның балаларды алып қашып жатқаны туралы рапортын елемеді.

БҰҰ  2022 жылға арналған балалар мен қарулы қақтығыстар туралы рапорт жариялады.

Бас хатшының Қауіпсіздік кеңесінің талабы бойынша дайындаған рапортында бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның балаларды өз қатарына қосуды жалғастырғаны анықталды.

Рапортта көрсетілгеніне қарағанда Сирия Демократиялық күштері мен террор ұйымы YPG 1696 баланы өз қатарына қосқан.

Рапортта  YPG/PKK-ның балаларды өлтіргені және ұрлағаны туралы мәліметтер де орын алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш SDG/YPG/PKK атауларын атап, барлық ақпараттың расталғанын және өзін қатты алаңдатқанын айтты.

Түркия Радио және Телевизия Корпорациясының (ТРТ) тілшісі БҰҰ-ның рапортында осы мәліметтерді SDG/YPG-мен серіктестік жасап отырған АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал Патрик Райдерден сұрады.

Генерал Райдер бұл рапортты көрмегенін алға тартып, тақырыпқа қатысы жоқ елеусіз ғана  жауап берді.

АҚШ әкімшілігі НАТО одақтасы Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіретін террор ұйымы PYD/YPG-ге қолдау көрсетіп қана қоймай, сол ұйымдардың адамзатқа қарсы қылмыстарына да елеусіз қарап келеді.



Ұқсас жаңалықтар