Президент Ердоған Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

2004282
Президент Ердоған Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Ресейдегі «Вагнер» дағдарысы талқыланды.

Ресейдегі шиеленістің аяқталуының Украина аймағында үлкен гуманитарлық апаттардың алдын алғаны атап көрсетілген әңгімеде Ресейдегі оқиғалардың Украинадағы әділетті бейбітшілік жолында жаңа бастама болуы тілегі НАТО Бас хатшысы Столтенбергке жеткізілді.

Швецияның НАТО-ға мүшелігі де талқыланған әңгіме барысында Түркияның Швецияның мүшелігіне қатысты сындарлы көзқарасының жалғасқаны, бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG жақтастарының бұл елде емін-еркін іс-шараларын ұйымдастырған сайын енгізілген заңнамалық өзгерістердің мағынасын жоғалтатыны атап көрсетілді.

F-35 әскери ұшақтары тұрғысынан орын алған әділетсіздіктер (Түркияның F-35 бағдарламасынан шығуы) және Түркияның F-16 әскери ұшақ талабын Швецияның мүшелігімен байланыстыру талпынысының Түркияға емес, негізінде НАТО мен НАТО-ның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретініне назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар