Шахбаз Шариф Президент Ердоғанды жиналысқа шақырды

Шахбаз Шариф Президент Ердоғанды Исламабадта өткізуі жоспарланған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысына шақырды.

1995517
Шахбаз Шариф Президент Ердоғанды жиналысқа шақырды

Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Президент Режеп Тайып Ердоғанды Пәкістанның астанасы Исламабадта өткізуі жоспарланған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысына шақырды.

Президент Ердоғанның «Ұлықтау рәсіміне» қатысқан Шариф Пәкістан үкіметі мен халқы атынан Ердоғанға қайта сайлануымен шын жүректен құттықтауын жеткізіп, табысының жалғасуын тіледі.

Шариф Ердоғанның көреген көшбасшылығын жоғары бағалап, Түркияның соңғы 20 жылда әр салада басқан қадамдарының өте табысты екенін айтты.

Шариф Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына тоқталып, Президент Ердоғанның ілгерілеу мен өркендеу жолындағы көшбасшылығын жалғастыруының дұрыс екенін білдірді.

Пәкістанның Түркиямен бауырластық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту және әртүрлі стратегиялық серіктестіктерді дамытудағы табандылығын қайталаған Шариф Ердоғанды ​​Исламабадта өткізуі жоспарланған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысына шақырды.



Ұқсас жаңалықтар