Президент Ердоған Чанкая резиденциясында қонақасы берді

Президент Ердоған қонақ мемлекет басшыларымен Анкарадағы қонақасы да бас қосты.

1994984
Президент Ердоған Чанкая резиденциясында қонақасы берді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Жаңа кезеңді Түркия үшін тиімді пайдалана отырып, еліміздің аймақтық держава және жаһандық актер ретінде тұғырын бекітеміз. Одан әділ және бейбіт бір тәртіпті қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптар және серіктестерімізбен жұмыстануды жалғастырамыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлықтау рәсіміне қатысқан қонақ басшылар құрметіне бас қала Анкарадағы Чанкая резиденциясында қонақасы берді.

Осында айтқан сөзінде қатысушыларға алғысын білдірген Президент Ердоған «Ұлықтау рәсіміне қатысқаныңыз үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ бүгін арамызда болмаса да, телефон арқылы құттықтап, хат жолдаған достарымызға алғысымды білдіремін» деді.

Ел ретінде қатысушылардың алғысының ешқашан ұмытылмайтынын атап айтқан президент Ердоған «Біз ортақ мүдделер негізінде әр саладағы ынтымақтастығымызды дамытуды жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін принципті және табанды бір ұстаныммен әрі алаңда, әрі үстелде берік, іскерлік және гуманитарлық дипломатия жүргіздік. Сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелерін бейбіт көзқараспен шештік. Дипломатиялық желімізді кеңейту арқылы елімізді тиімді халықаралық дипломатиялық державаға айналдырдық» деді.

Республиканың 100 жылдығы қарсаңында жаңа бір дәуірдің куәсі екендерін айтқан Ердоған «Жаһандық жүйе дағдарыстармен қоршалған бір кезеңде басты мақсатымыз – ХХІ ғасырды «Бейбітшілік, гүлдену және тұрақтылық ғасыры» ретінде құру. Біз келіссөз және дипломатияға басымдық бере отырып, парасаттылыққа, ар-ожданға және байсалдылыққа негізделген көзқараспен өңіріміз бен одан тыс аймақтарда тұрақтылықты орнатуға тырысамыз. Ресей-Украина дағдарысындағы көзқарасымыз мұның соңғы мысалы болды. Астық келісімі арқылы біз жаһандық азық-түлік дағдарысының алдын алдық» деді.

Жаңа кезеңді Түркия тұрғысынан ең тиімді түрде пайдалану арқылы еліміздің аймақтық держава және жаһандық актер ретіндегі ұстанымын нығайта түсеміз. Біз әділ әрі бейбіт тәртіп орнату үшін барлық мүдделі тараптарымыз және серіктестерімізбен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Біз батысқа да, шығысқа да ашықпыз. Бірақ біздің басты бағытымыз – шындық пен әділет» деді.

Президент Ердоған кешкі аста НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және түрік армян патриархы Сахак Машалянмен әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар