Шентоп атысты тоқтату шақыруын қайталады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Украина-Ресей соғысын тоқтатуға шақырды.

1982758
Шентоп атысты тоқтату шақыруын қайталады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Украина-Ресей соғысын тоқтатуға қайта шақырғанын қайталады.

Кейбір батыстық елдердің жасырын түрде соғысқа қолдау бергенін атап көрсеткен Шентоп «Соғыстан пайда тапқандардың арандатушылығына алданбау керек» деді.

Шентоп бас қала Анкарада Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының ашылу рәсіміне қатысты.

«Бұл соғыс тек Украина мен Ресей халықтары үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орны толмас шығын мен залал келтіреді» деген Шентоп «Мен тағы да атысты тоқтатуға және тұрақты бейбітшілікке шақырамын» деді.

Шентоп «Өкінішке орай, кейбір батыс елдері мен Жаһандық мүдделі желілер бұл соғыстың барлық қатыгездігімен жалғасуын қалайды. Өйткені мойындамаса да, бұл соғыстан материалдық және моральдық пайда тауып жатқандар бар» деді.

Мәжіліс төрағасы «Қаратеңіз елдері ретінде соғысты жасырын қолдаушыларға назар аудару керек деп ойлаймын және соғыстан пайда көретіндердің арандатпауының Қаратеңіздің қауіпсіздігі тұрғысынан пайдалы болатынын баса айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар