АҚШ елшісі министрлікке шақырылды

АҚШ Бас штабының басшысы Марк Миллидің Сирияның солтүстік-шығысына сапарына байланысты АҚШ елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

1955685
АҚШ елшісі министрлікке шақырылды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркиядағы елшісі Джефф Флейк АҚШ Бас штабының басшысы Марк Миллидің Сирияның солтүстік-шығысына сапарына байланысты Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда АҚШ елшісі Джефф Флейк Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Флейктен АҚШ Бас штабының басшысы Марк Миллидің 2023 жылдың 4 наурызында Сирияның солтүстік-шығысына жасаған сапарына қатысты түсініктеме сұралды.

Милли Сирияның солтүстігінде террор ұйымы YPG/PKK басып алған аймақтарды аралады.

Анадолы агенттігіне сөйлеген сөзінде АҚШ Бас штабының баспасөз хатшысы полковник Дэйв Батлер:

«Генерал Милли АҚШ қолбасшыларымен және әскери жасақтармен кездесу үшін Сирияның солтүстігіне барды. ДАИШ-пен күресу миссиясы жайлы мәлімет алды, әскери күштерді қорғау шараларын қарастырды және Хол босқындар лагеріндегі босқындарды еліне қайтару жоспарларын талқылады" деген мәлімдеме жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар