10 мың 633 сириялық еліне қайтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін 10 мың 633 сириялықтың өз еркімен еліне қайтқанын айтты.

1948330
10 мың 633 сириялық еліне қайтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Кахраманмарашта 6 ақпанда болған 7.7 және 7.6 балдық жер сілкінісінен кейін 10 мың 633 сириялықтың өз еркімен еліне қайтқанын айтты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлермен бірге шекара желісінде құрлықтан және әуеден бақылау жүргізіп, шекараның шеткі нүктесіндегі шекара бекеттерін тексерді.

Алдымен Яйладағы Шекара қақпасына барған Акар мұндағы жұмыстарды тексерді. Шекара қақпасындағы кеден қорғаушылары басшыларына «Сириялық босқындар»  жайлы қауесеттерді ескерткен Акарға олар: «Бұл шекара қақпасынан кірген босқын жоқ. Керісінше тұрған үйлері құлаған сириялықтар өз елдеріне түбегейлі түрде қайтып кетті" деп жауап берді.

Акар тиісті органдардан ақпарат алғандарын айтып, былай деді:

«Біз қатысты басшылардан осы тақырып бойынша ақпарат алдық, жергілікті орындарда бақылау жүргіздік. Түркияға босқындардың көптеп кіріп жатқаны қауесеттерінің керісінше олар Сирия азаматтарының Түркиядан Сирияға бір жақты жолмен өтіп кеткенін мәлімдеді.

Жер сілкінісінде отбасы мен тұрған үйлерінен айырылған сириялық бауырларымыздың өз еріктерімен отандарына оралғандарын жеткізді. Жер сілкінісінен кейін 10 мың 633 сириялық өз еріктерімен елдеріне қайтты. Сондықтан бізге жеткен ақпарат аясында біздің елге шекаралардан да, шекара қақпасынан да келіп жатқан босқын жоқ."



Ұқсас жаңалықтар