Ердоған адам ресурстары форумына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул адам ресурстары форумына жазбаша жолдама жіберді.

1914871
Ердоған адам ресурстары форумына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған елдің түкпір-түкпірінде ешбір азаматтың наным-сенімі, көзқарасы, шыққан тегіне қарамастан шеттетілмейтін, кемсітушілікке ұшырамайтын, армандарына жету жолында жасанды кедергілерге тап болмайтын жағдайды жасағандарын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул конгресінде Президенттік Адам ресурстары офисі тарапынан «Жаңа ғасырдың талант орталығы» тақырыбымен 5-6 желтоқсанда алғаш рет ұйымдастырылған Стамбул адам ресурстары форумына (Стамбул HR форумы) жазбаша жолдама жіберді.

Құрлықтар мен мәдениеттердің тоғысқан жері Стамбулға келген қонақтарға «Қош келдіңіздер» деген  Ердоған «Түркия ретінде біз мемлекеттік және жеке секторларымызда мүмкіндіктер теңдігі, ашықтық, есеп берушілік, инновациялар және еңбек сіңіру сияқты құндылықтарға негізделген адам ресурстары мәдениетін құруға тырысамыз. Соңғы 20 жылда біз демократия, негізгі құқықтар мен бостандықтар, инфрақұрылымдық инвестициялар және цифрландыру салаларында жасаған қадамдарымызбен осы бағытта бірталай ілгеріледік» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар