Президент Ердоған Өзбекістанға аттанды

Президент Ердоған Түрік мемлекеттері Саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына аттанды.

1904500
Президент Ердоған Өзбекістанға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік мемлекеттері ұйымының 9-шы Саммитіне қатысу үшін Өзбекстанның Самарқанд қаласына барды.

Президент аппаратының Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемесіне қарағанда «Түрік өркениетінің жаңа дәуірі: Ортақ даму мен өркендеу жолында» тақырыбымен ұйымдастырылған Саммитте кезекті төрағалығы Түркиядан Өзбекстанға өтеді.

Саммитте 2021 жылы 12 қараша күні Стамбул саммитінде қабылданған және Ұйымның 20 жылдық жол картасы деп аталатын, алғашқы 5 жылдағы іске асыру нұсқаулығын құрайтын Ұйымның жұмыс тұғыры мен болашағына қатысты іс-шаралар қамтылған «Стратегиялық құжаттан» бастап маңызды шешімдер қабылданады.

Ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты әр салада одан әрі жетілдіру үшін басылатын қадамдар талқыланатын саммиттің ертеңгі отырысында президент Ердоған үн қатады.

Саммит аясында Ердоғанның қатысушы мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуі көзделіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар