"Әзербайжан күресінің үні болуды жалғастырамыз"

Алтун «Қарабах Жеңісі Конференциясы: Азаттыққа қол жеткізген ежелгі Отан» бағдарламасына қатысты.

1903730
"Әзербайжан күресінің үні болуды жалғастырамыз"

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун «Түрік әлемі ретінде бірлік рухымен Әзербайжан күресінің үні болуды жалғастырамыз» деді.

Фахреттин Алтун Әзербайжан Президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиевтің қатысуымен ел астанасы Анкарадағы Коммуникация басқармасының мәжіліс залында ұйымдастырылған «Қарабах Жеңісі Конференциясы: Азаттыққа қол жеткізген ежелгі Отан» бағдарламасына қатысты.

Алтун осында сөйлеген сөзінде «Қарабах жеңісінің екі жылдығында жиналып, конференцияны өткізгенге қуаныштымыз» деп баса айтты. "Бүгін Қарабах жеңісінің 2 жылдығын абыроймен және даңқпен атап өткенімізге қуаныштымыз. Бауырлас  Әзербайжанның армян басқыншылығындағы жерлерін азат ету жолындағы күресі тарихта алтын әріптермен жазылған құтты жеңіспен аяқталды" деді ол.

Түркияның Екінші Қарабах соғысында Әзербайжанды жалғыз қалдырмағанын атап көрсеткен Алтун президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің басшылығында «екі мемлекет, бір ұлт» ұранымен иық тірестіргендерін баса айтты.

Қарабах жеңісінің әсіресе Әзербайжан мен Түркияның, бүкіл түркі әлемінің бауырластық белгілерінің бірі болғанын айтқан Алтун Қарабах жеңісін әкелген күрес барысында тек саяси және әскери ғана емес, ақпараттық салада да байыпты ынтымақтастықтың жүзеге асырылғанына назар аударды.

Фахреттин Алтун «Әзербайжанның 28 жылдық әділ күресі мен жеңісін басып-жаншуға тырысуда.  Қарабах халқының көрген қиыншылықтары мен зұлымдарын  елемей отыр. Бұл Қарабахта жеңіске жеткенімізбен, ақпарат саласындағы жұмысымыздың әлі аяқталмағанын көрсетеді.

Бүкіл түрік әлемі ретінде бірлік рухымен Әзербайжан күресінің үні болуды жалғастырамыз. Біз жалған ақпарат пен жала жабу науқандарына жол бермейміз. Әзербайжанның заңды жеңісіне көлеңке түсірмейміз»,-деді.



Ұқсас жаңалықтар