Бағдат Әміреев Ердоғанды мақтады

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түркияның әлемге ықпалының артып келе жатқанын білдірді.

1900187
Бағдат Әміреев Ердоғанды мақтады

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысы Бағдат Әміреев Стамбулда өткен 8-ші Түрік медицина әлемі конгресінде сөйлеген сөзінде Түркияның әлемге ықпалының артып келе жатқанын білдірді.

Бағдат Әміреев «Түркияны соңғы 20 жылда әлемге танытып, аймақта ғана емес, әлемде абыройлы елдердің біріне айналдырған Президент Ердоған басшылығымен түрік әлемін біріктіре білді. Елбасымыз алдағы жылдарда түрік әлеміндегі көшбасшылық рөлін жалғастырады деп үміттенемін» деп көрсетті.

Денсаулықтың Түрік Мемлекеттері Ұйымының маңызды мәселелерінің қатарында екенін айтқан Әміреев елдердің табиғи апаттар, соғыстар және эпидемиялар сияқты жағдайларда бір-біріне медициналық көмек көрсету, жаһандық және аймақтық платформаларда бірге әрекет ету туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар