Чавушоғлу Батыс Африка сапарында Бенинге барды

Чавушоғлу кездесулері аясында Гана Сыртқы істер министрі Ширли Айоркор Ботчвеймен бас қосты.

1898612
Чавушоғлу Батыс Африка сапарында Бенинге барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Батыс Африка сапарын жалғастыруда.

Мевлүт Чавушоғлу ресми кездесулер жасау үшін Африка сапарының соңғы аялдамасы Бенинге барды.

Сапар аясында Чавушоғлу Котону қаласында тұратын түрік азаматтарымен кездесті.

Министр Чавушоғлу сапарға байланысты әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде:

«Біз бүкіл әлем бойынша аптасына 7 күн 24 сағат  азаматтарымыздың жанындамыз» деді.

Сыртқы істер министрі Халықаралық Дакар форумына қатысу үшін Сенегалға барған болатын, ондағы байланыстарынан кейін Ганаға аттанды

Чавушоғлу кездесулері аясында Гана Сыртқы істер министрі Ширли Айоркор Ботчвеймен бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар