Ердоған Сочиге аттанып кетті

Кездесуде аймақтық және жаһандық өзекті мәселелермен қатар Түркия-Ресей қарым-қатынастары жөнінде пікір алмасылады.

1864213
Ердоған Сочиге аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейдің Сочи қаласына барды.

Президент Ердоғанның бір күндік бағдарлама аясында ресейлік әріптесімен өткізетін кездесулерінде аймақтық және жаһандық өзекті мәселелермен қатар Түркия-Ресей қарым-қатынастары жөнінде пікір алмасылады.

Басқа жақтан Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Ердоғанның Сочиде өтетін кездесуі алдында мәлімдеме жасады. Песков Түркияның Сирияға қатысты «заңды» қауіпсіздік уайымдары бар екенін және оларды ескеретіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар