Түркия Иранға көңіл айтты

Түркия Иранда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1851140
Түркия Иранға көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде зілзала орталығының Иранның Хормузган уәлаяты екенін білдіріп, қаза тапқандарға көңіл айтты.

Мәлімдемеде «Зілзалада қаза тапқандарға Алланың рақымын тілеп, отбасыларына, дос және көршілес Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Иранның оңтүстігіндегі Хормузган уәлаятында жұма күні түнде бірінен соң бірі болған магнитудасы 6-дан асатын үш жер сілкінісінен 5 адамның қаза тауып, 84 адамның жараланғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар