ҰБҰ-ның басшысы Ибрахим Калын Сомалиге барды
Сомали президенттік аппараты Ибрахим Калынның Сомали сапары туралы мәлімдеді.
Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын Сомалидің бас қаласы Могадишоға сапары барысында Сомали президенті Хасан Шейх Махмудтың қабылдауында болды.
Сомали президенттік аппараты тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Могадишоға барған Калынды Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд қабылдады. Кейін Калын Ұлттық барлау мен қауіпсіздік агенттігінің (NISA) төрағасы Абдуллахи Мұхамед Алимен бас қосты.
Қауіпсіздік және барлау салаларында «Аш-Шабаб» террор ұйымымен күрес талпыныстары талқыланған отырыста аймақтық тұрақтылықты қалыптастыру және Түркия мен Сомали арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейту жөнінде пікір алмасылды.
Сомали президенті Махмуд қабылдауда Сомали үкіметінің екі елдің қауіпсіздік мәселелері, әсіресе лаңкестікпен күресу саласындағы ынтымақтастығына басымдық беретінін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Румыния премьер министрін Анкарада қабылдады
Президент Ердоған Румыния премьер-министрі Чиолакумен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.