Украинаға "Bayraktar-ды" тегін берді

3 дана «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын Украинаға тегін берді.

1848915
Украинаға "Bayraktar-ды" тегін берді

«Baykar» компаниясы 3 дана «Bayraktar TB2»  қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын Украинаға тегін берді.

Компания бұл туралы хабарлама жариялады. Хабарламада «Украина халқының өз отандарын қорғау үшін «Bayraktar TB2» қарулы дронын алу үшін «Халықтың Байрактары» деген есіммен акция ұйымдастырғанын және қысқа уақытта табыспен аяқталғанын естідік» деп айтылды.

Халыққа танымал тұлғалар, журналистер,  өнер қайраткерлері, футболшылар,  іскерлер, қарапайы жұртшылық, тіпті балалар осы акцияның табысқа жетуі үшін қалтасындағыны берген. Хабарламада «Отансүйгіш Украина халқының өздерінің мақсаттарына жету талабы мен ұйымшылдық рухы бізге әсер етті.  «Baykar» компаниясы ретінде жиналған ақшаға алынуы мақсат етілген үш дана «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын Украинаға тегін береміз.  Осы мақсатта жиналған қардының Украинаның даңқты халқы үшін қолданылуын сұраймыз.  Біз компания ретінде әділ шешім қалайтымызды және түбегейлі бейбітшілік үшін дұға ететінімізді құрметпен білдіреміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар