Ердоған мен Джонсон телефонда сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1846381
Ердоған мен Джонсон телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеде президент Ердоғанның Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлескені жарияланды.

Әңгіме барысында қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығынан бастап, Түркия-Ұлыбритания қарым-қатынастары және 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы сияқты аймақтық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған әңгіме барысында Украинадағы дәнді дақылды елден қауіпсіз түрде шығару үшін шешім іздеу керектігін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар