«Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілері» тағайындалады

Құжат аясында 9 елдегі өкілетті елшіліктерде "Қорғаныс Өнеркәсібі хатшылығы" құрылады.

1836680
«Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілері» тағайындалады

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі басымдылықтарын ескере отырып, 9 елде «Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілері» тағайындалады.

Шешімге сай шетелдегі  мемлекеттік ұйым мен қоғамдарда Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы құрылды.

Министрліктің шетелдегі ұйымдары міндет атқарған ел мен басқарманың міндет көлеміндегі тақырыптарда дипломатиялық іс-шараларды атқарады, сол елде қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған оқиғаларды және осыған байланысты жағдайларды бақылайды, рапорт береді, бағаландыру жасайды және осының нәтижелерін басқармаға жеткізеді.

Шетелдегі ұйым міндет атқарған елмен қорғаныс өнеркәсібі саласында қол қойылған екі жақтылы келісімдер, хаттамалар, өзара түсіністік туралы меморандумдардың орындалуын бақылау, баға беру, қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған жағдайларда басқармаға берілген шетелдегі міндеттерді орындау, басқармамен міндет және консулдық басшылары тарапынан берілетін басқа да міндеттерді атқаруға жауапты болады.

Құжат аясында 9 елдегі өкілетті елшіліктерде "Қорғаныс Өнеркәсібі хатшылығы" құрылады.

Қорғаныс өнеркәсібінің кеңесшілері Доха/Катар, Исламабад/Пәкістан, Бразилия, Джакарта/Индонезия, Баку/Әзербайжан, Куала-Лумпур/Малайзия, Маскат/Оман, Дакка/Бангладеш, Лондон/Ұлыбритания елшіліктерінде жұмыс істейтін болады.



Ұқсас жаңалықтар