Түркияға медицина саласында марапат

Марапат коронавируспен күрес үшін берілді.

1797937
Түркияға медицина саласында марапат

Түркия коронавирус індетімен күресі үшін марапатталды.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаға сыйлығын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық директоры доктор Ханс Клюге табыс етті.

Министр Кожа Стамбулда ТР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ ынтымақтастығы аясында болған  жиналыс шеңберінде Клюгемен екіжақты кездесу өткізді.

Кожа кездесуге байланысты Twitter парақшасында жазды.

«ДДСҰ аймақ директорларымен бірге көштің медицина саласындағы әсерінің азайтылуы қолға алынған Еуропа аймағы көш және медицина жиналысында Еуропа дирекоры Клюгенің қолынан сыйлықты еліміздің медициналық қауымы атынан қабылдап алдық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар